"Жаңақорған ауданында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №680 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 809 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 маусымда № 6820 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 204 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 10.07.2020 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңақорған ауданында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 680 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6576 болып тіркелген, 2019 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасындағы үшінші бағана атауы "Елді мекеннің атауы" "Салық салу объектісінің орналасқан жері" болып ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев
      "Келісілді"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Жаңақорған
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады