"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және Жаңақорған аудандық прокуратураның 12 мамыр 2020 жылғы № 2-1004-20-00745 наразылығына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақорған ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Жаңақорған ауданында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 680 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6576 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2) "Жаңақорған ауданында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 680 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 809 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6820 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.