Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Бейнеу аудандық мәслихаты мен Бейнеу ауданы әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 40 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/95 бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3309 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
4 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Әкімшілік орталығы Құркөл ауылы болатын Бейнеу ауданының Есет селолық округі Есет ауылы болып қайта құрылсын.".
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.И. Қилыбайға жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |
Сессия төрағасы | А. Салманов |
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |