Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 40 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/95 "Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 260 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 32/389 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 4055 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Бейнеу аудандық мәслихаты мен Бейнеу ауданы әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 40 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/95 бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3309 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      4 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Әкімшілік орталығы Құркөл ауылы болатын Бейнеу ауданының Есет селолық округі Есет ауылы болып қайта құрылсын.".

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.И. Қилыбайға жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов
      Сессия төрағасы А. Салманов
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады