Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 30.11.2020 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 қаулысына (2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6299 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 120 қаулысына қосымша |
|
Әкімдіктің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) аудандық (қалалық) аурухананың басшысы;
2) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;
4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
5) акушер;
6) диеталық мейіргер;
7) тіс дәрігері (дантист);
8) мейіргер;
9) кеңейтілген практика мейіргері;
10) статистик;
11) зертханашы (медициналық);
12) провизор (фармацевт);
13) психолог маман;
14) рентген зертханашысы;
15) әлеуметтік қызметкер;
16) фельдшер;
17) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;
18) медициналық тіркеуші;
19) логопед;
20) зертхана маманы.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) аудандық және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) аудандық (қалалық) маңызы бар және облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағынжинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы;
3) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
4) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның секторының басшысы;
5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
6) әлеуметтік педагог;
7) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;
8) логопед;
9) психолог;
10) әдіскер (негізгі қызметтердің);
11) тәлімгер;
12) тәрбиелеуші;
13) мейірбике (мейіргер);
14) емдәмдік мейірбике;
15) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);
16) қосымша білім беретін педагог;
17) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);
18) ұйымдастырушы педагог;
19) концертмейстер (негізгі қызметтердің);
20) талдаушы-социолог;
21) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);
22) интернаттың басшысы (меңгерушісі);
23) кітапханашы.
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) тобының, бөлімінің, зертханасының басшысы;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) көркемдік жетекшісі;
5) аккомпаниатор;
6) библиограф;
7) кітапханашы;
8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
10) музыкалық жетекші;
11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
12) хореограф;
13) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.
5. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) әдіскер;
4) жаттықтырушы;
5) жаттықтырушы-оқытушы;
6) медициналық бике/аға.
6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.