Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 6299 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 201 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 30.11.2020 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 23.05.2018 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі 18-бабының 2) тармақшасына және 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын, осы қаулының қосымшасына сәйкес.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 23.05.2018 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 25 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі А. Балғарин

      Әулиекөл аудандық

      мәслихатының хатшысы

      ________Қойшыбаев Д.С.

      01.04.2016 жыл

  Әкімдіктің
2016 жылғы 1 cәуірдегі
№ 67 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 13.06.2019 № 120 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық (қалалық) аурухананың басшысы;

      2) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

      4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      5) акушер;

      6) диеталық мейіргер;

      7) тіс дәрігері (дантист);

      8) мейіргер;

      9) кеңейтілген практика мейіргері;

      10) статистик;

      11) зертханашы (медициналық);

      12) провизор (фармацевт);

      13) психолог маман;

      14) рентген зертханашысы;

      15) әлеуметтік қызметкер;

      16) фельдшер;

      17) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

      18) медициналық тіркеуші;

      19) логопед;

      20) зертхана маманы.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      8) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 08.11.2019 № 246 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық (қалалық) маңызы бар және облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағынжинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы;

      3) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      4) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның секторының басшысы;

      5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      6) әлеуметтік педагог;

      7) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;

      8) логопед;

      9) психолог;

      10) әдіскер (негізгі қызметтердің);

      11) тәлімгер;

      12) тәрбиелеуші;

      13) мейірбике (мейіргер);

      14) емдәмдік мейірбике;

      15) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      16) қосымша білім беретін педагог;

      17) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      18) ұйымдастырушы педагог;

      19) концертмейстер (негізгі қызметтердің);

      20) талдаушы-социолог;

      21) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

      22) интернаттың басшысы (меңгерушісі);

      23) кітапханашы.

      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) тобының, бөлімінің, зертханасының басшысы;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) көркемдік жетекшісі;

      5) аккомпаниатор;

      6) библиограф;

      7) кітапханашы;

      8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      10) музыкалық жетекші;

      11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      12) хореограф;

      13) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.

      5. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) әдіскер;

      4) жаттықтырушы;

      5) жаттықтырушы-оқытушы;

      6) медициналық бике/аға.

      6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      1) ветеринариялық дәрігер;

      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады