Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 201 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 желтоқсанда № 9605 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 13.10.2021 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 13.10.2021 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Теменов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ 201 қаулысына
1-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 13.10.2021 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      8) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) аккомпаниатор;

      5) библиограф;

      6) кітапханашы;

      7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      9) музыкалық жетекші;

      10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      11) хореограф;

      12) барлы мамандық мұғалімдері.

      3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) әдіскер;

      3) нұсқаушы-спортшы.

  Әкімдіктің
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ 201 қаулысына
2-қосымша

Әулиекөл ауданы әкімдігінің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi

      1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 қаулысы (2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6299 болып тіркелген).

      2. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 "Кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқығы бар азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 23 мамырдағы № 93 қаулысы (2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7843 болып тіркелген).

      3. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 13 маусымдағы № 120 қаулысы (2019 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8529 болып тіркелген).

      4. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 246 қаулысы (2019 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8748 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады