Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімінің 05.03.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабына, "Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8174 болып тіркелген) сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша Таран ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімінің "Таран ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 16 қарашадағы № 6 шешіміне (2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8101 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 711, 712 сайлау учаскелеріне келесі өзгерістер енгізілсін:
"Таран" сөздері "Әйет" сөздерімен ауыстырылсын;
№ 708, 730, 735, 737 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 708 сайлау учаскесі
Қоржынкөл және Павловка ауылдарының шекараларында.";
"№ 730 сайлау учаскесі
Увальное ауылының шекараларында.";
"№ 735 сайлау учаскесі
Журавлевка және Красносельское ауылдарының шекараларында.";
"№ 737 сайлау учаскесі
Майское және Приреченское ауылдарының шекараларында.".
2. "Таран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.