Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 бірлескен қаулысы және шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 8174 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 25 қазандағы қорытындысы негізінде, Таран ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынысы бойынша Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округінің Таран ауылы Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округінің Әйет ауылы деп қайта аталсын.

      2. Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округі Қостанай облысы Таран ауданы Әйет ауылдық округі деп қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы А. Есенгельдинов
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады