Таран ауданы әкімінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 6 "Таран ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 8282 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімінің 05.03.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабына, "Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8174 болып тіркелген) сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша Таран ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудан әкімінің "Таран ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 16 қарашадағы № 6 шешіміне (2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8101 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 711, 712 сайлау учаскелеріне келесі өзгерістер енгізілсін:

      "Таран" сөздері "Әйет" сөздерімен ауыстырылсын;

      № 708, 730, 735, 737 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 708 сайлау учаскесі

      Қоржынкөл және Павловка ауылдарының шекараларында.";

      "№ 730 сайлау учаскесі

      Увальное ауылының шекараларында.";

      "№ 735 сайлау учаскесі

      Журавлевка және Красносельское ауылдарының шекараларында.";

      "№ 737 сайлау учаскесі

      Майское және Приреченское ауылдарының шекараларында.".

      2. "Таран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады