Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 19.08.2020 № 406 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен "Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8174 болып тіркелген) сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы № 29 (2016 жылғы 14 шілдеде "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6480 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде "аудандық мәслихат" сөз тіркесі "ауданның мәслихаты" деп ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:
"Таран ауданының" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының" деп ауыстырылсын;
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:
1) өтiнiш берiлмеген болса;
2) оларды өткiзу кезінде "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарымен көзделген тәртiп бұзылған жағдайда Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.";
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Курмангалиев |
Аудан мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |
Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қазандағы № 317 шешіміне 1-қосымша |
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1-қосымша |
Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары
№ | Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары |
1. | Әйет ауылының Тәуелсіздік көшесіндегі орталық алаңы |
Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қазандағы № 317 шешіміне 2-қосымша |
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 2-қосымша |
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
№ | Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары |
1. | Республика - Б. Майлин көшелерінің қиылысы Әйет ауылының Тәуелсіздік көшесіндегі алаңына дейін |