Мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 29 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2019 жылғы 24 қазандағы № 317 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қазанда № 8720 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 тамыздағы № 406 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 19.08.2020 № 406 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен "Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8174 болып тіркелген) сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы № 29 (2016 жылғы 14 шілдеде "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6480 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "аудандық мәслихат" сөз тіркесі "ауданның мәслихаты" деп ауыстырылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:

      "Таран ауданының" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының" деп ауыстырылсын;

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:

      1) өтiнiш берiлмеген болса;

      2) оларды өткiзу кезінде "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарымен көзделген тәртiп бұзылған жағдайда Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.";

      көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Курмангалиев
      Аудан мәслихатының хатшысы С. Сапабеков

  Мәслихаттың
2019 жылғы 24 қазандағы
№ 317 шешіміне
1-қосымша


  Жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына
1-қосымша

Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары


р/с

Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары

1.

Әйет ауылының Тәуелсіздік көшесіндегі орталық алаңы

  Мәслихаттың
2019 жылғы 24 қазандағы
№ 317 шешіміне
2-қосымша


  Жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына
2-қосымша

Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары


р/с

Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары

1.

Республика - Б. Майлин көшелерінің қиылысы Әйет ауылының Тәуелсіздік көшесіндегі алаңына дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады