Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 27.09.2022 № 118/26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
2. Ақтоғай ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлері 10 (он) есеге арттырылсын.
3. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 246/57 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5015 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде "Ауыл тынысы", "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Ақтоғай аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 3 наурыздағы "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 246/57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 32/5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5210 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 тамызда аудандық "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Сессия төрағасы | Л. Дисенова |
Мәслихат хатшысы | Ж. Ташенев |