Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 246/57 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 наурызда № 5015 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 246/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 27.06.2019 № 246/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағына 13) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 10 (он есе) жоғарылатылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 20.07.2016 N 32/5 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он есе) жоғарылатылсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 20.07.2016 N 32/5 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Аудандық мәслихаттың (V шақырылған, кезекті ХLIII сессиясы) 2015 жылғы 18 маусымдағы "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жеті есе жоғарылату туралы" № 192/43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2015 жылғы 14 шілдедегі № 4597 тіркелген, 2015 жылғы 18 шілдеде № 28 "Ауыл тынысы", № 28 "Пульс села" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Дисенова
      Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады