Ақтоғай аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 3 наурыздағы "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 246/57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 32/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 тамызда № 5210 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 246/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 27.06.2019 № 246/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағына 13) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 3 наурыздағы "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 246/57 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 25 наурыздағы № 5015 тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірдегі № 14 "Ауыл тынысы", № 14 "Пульс села" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      "7 (жеті есе)" деген саны мен сөздер "10 (он есе)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "7 (жеті есе)" деген саны мен сөздер "10 (он есе)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасыҰ Г.Ғ. Құрманғалиева
      Мәслихат хатшысы Ж.Ш. Ташенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады