Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.09.2023 № 54/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 1 және Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 302/27 "Павлодар облысы Ақтоғай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақтоғай ауданы Разумовка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 148/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3990 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қыркүйекте "Ауыл тынысы", "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауында және мәтін бойынша "Разумовка", "Разумовка ауылдық округінің" деген сөздер тиісінше "Ақжол", "Ақжол ауылдық округінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Дисенова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Ж. Ташенев |