Павлодар облысы Ақтоғай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 1 және Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 302/27 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қаңтарда № 6242 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Андриановка ауылы "Ақжол" ауылы болып және Разумовка ауылдық округі "Ақжол" ауылдық округі болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы А. Бойчин
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады