Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 16.11.2021 № 221 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9 - тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 16.11.2021 № 221 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақжар ауданың ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2016 жылғы 5 шілдедегі № 179 қаулысы (2016 жылғы 17 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3848 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар ауданының әкімі | Е. Мадьяров |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 255 қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 16.11.2021 № 221 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2024 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);
3) мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар – библиограф, кітапханашы, мәдениет ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
4) мемлекеттік мекемеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар – библиограф, кітапханашы, мәдениет ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).