"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 255 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қантардағы № 8 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 қантарда № 7676-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 255 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5729 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Бейсембин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Уәлиханов аудандық

      мәслихаты

      Ақжар аудандық мәслихаты

  Ақжар ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 17 қаңтардағы
  № 8 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 12 желтоқсандағы
  № 255 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      3) мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар – библиограф, кітапханашы, мәдениет ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      4) мемлекеттік мекемеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар – библиограф, кітапханашы, мәдениет ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады