Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақжар ауданың ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 179 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 шілдеде № 3848 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 255 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы əкімдігінің 12.12.2019 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілір болып табылатын және Ақжар ауданың ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекші ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдынысқа туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі С. Тұралинов
      КЕЛІСІЛДІ
Ақжар аудандық
мәслихаттың хатшысы
2016 жылы 05 шілде
А. Хоршат

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 05 шілде 2016 жылғы № 179 қаулысына қосымша

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың басшылары;

      2) мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындарды басшыларының (оның ішінде бірінші) орынбасары;

      3) бөлімше, зертхана басшысы;

      4) барлық мамандықтардың дәрігерлері;

      5) акушер;

      6) диеталық медбике;

      7) тіс дәрігері;

      8) тіс технигі;

      9) барлық мамандықтардың медбикесі;

      10) медициналық статисші;

      11) медициналық зертханашы;

      12) провизор;

      13) психолог;

      14) әлеуметтік жұмыс бойынша маман;

      15) рентгентлаборанты;

      16) мамандандырылған медбике;

      17) медбикенің көмекшісі;

      18) фармацевт;

      19) фельдшер (зертханашы);

      20) дәріхана меңгерушісі;

      2. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

      1) медбике;

      2) мұғалім;

      3) тәрбиеші;

      4) психолог;

      5) емдік дене шыңықтыру бойынша нұсқаушы;

      6) еңбек бойынша нұсқаушы;

      7) әлеуметтік жұмыс бойынша маман;

      8) мәдени ұйымдастырушы;

      9) күту бойынша әлеуметтік қызметкер;

      10) жұмыспен қамту орталығының мамамндары;

      11) әлеуметтік қызметкер бағалау және айқындау жөніндегі арнаулы әлеуметтік қызметкерге қажеттілікті;

      12) жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшенің маманы.

      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);

      2) мұғалім;

      3) әлеуметтік педагог;

      4) қосымша білім беру педагогы;

      5) оқытушы;

      6) тәрбиеші;

      7) музыкалық жетекші;

      8) нұсқаушы;

      9) мәдени ұйымдастырушы;

      10) әдістемелік кабинеттің басшысы;

      11) әдістемеші,

      12) шебер;

      13) аккомпаниатор;

      14) концертмейстер;

      15) үйірме жетекшісі;

      16) медициналық бике;

      17) кітапханашы;

      18) библиограф;

      19) жетекші;

      20) зертханашы;

      21) кітапхананың, интернаттың, психологтік – педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;

      22) дәрігер;

      23) сурдопедагог,

      24) тифлопедагог;

      25) көркемдік жетекші;

      26) балетмейстер,

      27) хормейстер;

      28) хореограф;

      29) жаттықтырушы;

      30) барлық атаудағы суретшілер;

      31) оқу бөлімінің хатшысы;

      32) педагог-психолог.

      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) басшы;

      2) өндеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі;

      3) ақпарат – әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;

      4) оқу залының меңгерушісі;

      5) библиограф;

      6) кітапханашы;

      7) мұражайларды қор сақтаушы;

      8) әдістемеші;

      9) хореограф;

      10) көркемдік жетекші;

      11) үйірме жетекшісі;

      12) мәдени ұйымдастырушы.

      5. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекемесінің басшысы, директор;

      2) директордың, мемлекеттік мекемесінің басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;

      3) нұсқаушы, нұсқаушы-әдістемеші;

      4) медициналық бике;

      5) әдістемеші;

      6) психолог;

      7) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы;

      8) оқыту жаттықтырушысы.

      6. Ветеринария саласында мамандарының лауазымдары:

      1) ветеринариялық станция басшысы;

      2) ветеринарлық дәрігер;

      3) технолог;

      4) ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады