Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің 04.12.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 07-29/107 ұсынысы негізінде Май ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі Май ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның ресми алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Е.Шурманов |