Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес , Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2020 жылғы 06 қарашадағы № 07-29/163 ұсынысы негізінде, Май ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылы аумағында белгіленген ірі қара мал арасындағы бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 09 шешімінің (2020 жылғы 09 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5776 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Е.Шурманов |