Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 09 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 5776 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің 04.12.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 07-29/107 ұсынысы негізінде Май ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі Май ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның ресми алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Е.Шурманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады