"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 10 шілдедегі № 09-08/200 ұсынысы негізінде ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің Сарыадыр ауылында ірі қара мал бруцеллез ауыруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2019 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5213 тіркелген).
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Ю. ПугачҰва |