Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атыңдағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 37 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 5513 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 10 шілдедегі № 09-08/200 ұсынысы негізінде ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің Сарыадыр ауылында ірі қара мал бруцеллез ауыруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2019 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5213 тіркелген).

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
Ю. ПугачҰва

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады