Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атыңдағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қаңтарда № 5213 болып тіркелдіЕскерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі əкімінің 29 шілде 2019 жыл № 37.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі əкімінің 29.07.2019 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабы 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы 2018 жылғы 28 желтоқсан № 09-08/419 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі Сарыадыр ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі С.Қ. Оразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады