Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 06.02.2024 № 27 (алғашқыресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқаенгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31 - бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 - бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14010 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдесіндегі № 193 қаулысының (2019 жылғы 07 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5512 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Абишев |
2019 жылғы 23 желтоқсаны № 337 қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№ | Мекеменің атауы | Жұмыс орындарының саны | Квотаның пайызы | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 136 | 3% | 4 |