Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 ақпанда № 27 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 ақпанда № 7682-15 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының әкімі
А. Бектасов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы әкімдігінің
  қаулы жобасына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 340 қаулысының (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда № 5752 болып тіркелді).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 339 қаулысының (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда № 5751 болып тіркелді).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2019 жылғы 23 желтоқсанындағы № 337 қаулысының (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда № 5749 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады