Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 337 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда № 5749 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 ақпандағы № 27 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 06.02.2024 № 27 (алғашқыресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқаенгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31 - бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 - бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14010 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдесіндегі № 193 қаулысының (2019 жылғы 07 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5512 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Абишев

  2019 жылғы 23 желтоқсаны № 337 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Мекеменің атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

136

3%

4


Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2019 года № 337. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 25 декабря 2019 года № 5749. Утратило силу постановлением акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 6 февраля 2024 года № 27

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 06.02.2024 №27 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня егопервого официально опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", подпунктом 6) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", Правилами квотирования рабочих мест для инвалидов, утвержденными Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №14010), акимат Жамбылского района Северо - Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Жамбылского района Северо - Казахстанской области "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов" от 30 июля 2019 года № 193 (опубликовано 07 августа 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5512).

      3. Ответственность за исполнением настоящего постановления возложить на коммунальное государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Жамбылского района Северо - Казахстанской области".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким М. Абишев

  Приложение к постановлению от 23 декабря 2019 года № 337

Квота рабочих мест для инвалидов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда

Наименование организации

Количество рабочих мест

Процент квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты (человек)

1

Коммунальное государственное учреждение "Пресновский центр социального обслуживания" акимата Северо-Казахстанской области управления координации занятости и социальных программ акимата Северо-Казахстанской области

136

3%

4