Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы əкімдігінің 23.12.2019 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бабы 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабы 6) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 ақпандағы № 05 қаулысының (2018 жылғы 05 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4563 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат" институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" _________ №_____ қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
Ұйым атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы ( %) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 83 | 2 % | 1 |