Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың міндетін атқарушының 2019 жылғы 29 тамыздағы № 01-11/93 ұсынысы негізінде, Березов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округінің Гончаровка ауылында орналасқан "Гончаровка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылқы фермасы аумағында жылқылар ринопневмония ауруы ошағының жойылуына байланысты шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 21 мамырдағы № 5 шешімінің (2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5413 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
әкім | А. Дауренбеков |