Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі əкімінің 24.09.2019 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01-11/35 ұсынысы негізінде, Березов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округінің Гончаровка ауылында "Гончаровка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылқы фермасы аумағында жылқыларда ринопневмония ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Березов ауылдық округінің әкімі |
А. Дәуренбеков |