Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қыркүйекте № 5590 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың міндетін атқарушының 2019 жылғы 29 тамыздағы № 01-11/93 ұсынысы негізінде, Березов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округінің Гончаровка ауылында орналасқан "Гончаровка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылқы фермасы аумағында жылқылар ринопневмония ауруы ошағының жойылуына байланысты шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 21 мамырдағы № 5 шешімінің (2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5413 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      әкім А. Дауренбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады