Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-11/98 ұсынысы негізінде, Виноградов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округінің Сумное ауылында орналасқан "БОС и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылқы фермасы аумағында жылқылар ринопневмония ауруы ошағының жойылуына байланысты шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 5 шешімінің (2019 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5440 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Есендыков |