Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округі əкімінің 14.10.2019 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 4 мамырдағы № 01-11/43 ұсынысы негізінде, Виноградов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округінің Сумное ауылында "БОС и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылқы фермасы аумағында жылқыларда ринопневмония ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Виноградов ауылдық округінің әкімі |
Ә. Есендіков |