Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қазанда № 5620 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-11/98 ұсынысы негізінде, Виноградов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округінің Сумное ауылында орналасқан "БОС и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылқы фермасы аумағында жылқылар ринопневмония ауруы ошағының жойылуына байланысты шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 5 шешімінің (2019 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5440 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Есендыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады