Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданынының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор міндетін атқарушысының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 13-12/89 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың арасында бруцеллез ошағының жойылуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының Советский көшесінің аумағынан шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 16 (2019 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5256 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.