Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы әкімінің 14.06.2019 № 41 (алғашқы ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданынының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор міндетін атқарушысының 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 13-12/6 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының Советский көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мамлютка қаласының әкімі | С. Бәкеев |