Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 41 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 маусымда № 5444 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданынының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор міндетін атқарушысының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 13-12/89 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың арасында бруцеллез ошағының жойылуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының Советский көшесінің аумағынан шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 16 (2019 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5256 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады