Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уəлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі əкімінің 03.10.2019 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 08 қаңтардағы № 17-07/01 ұсынысы негізінде, Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі Аққұдық ауылында ірі қара малына бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауылдық округінің әкімі |
С. Сәдуақасов |