Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қазанда № 5597 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 17-07/148 ұсынысы негізінде, Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округінің Аққудық ауылы аумағында, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарасу ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 26 наурыздағы №1 (2019 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5277 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      әкім С. Садвакасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады