Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 наурызда № 5277 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уəлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі əкімінің 03.10.2019 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 08 қаңтардағы № 17-07/01 ұсынысы негізінде, Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі Аққұдық ауылында ірі қара малына бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауылдық
округінің әкімі
С. Сәдуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады