Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уəлиханов ауданы Телжан ауылдық округі əкімінің 25.09.2019 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17-07/04 ұсынысы негізінде, Телжан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің Көбенсай ауылында ірі қара малына бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Телжан ауылдық округінің әкімі |
С. Утигенова |