Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қыркүйекте № 5583 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 17-07/142 ұсынысы негізінде, Телжан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің Көбенсай ауылы аумағында, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Телжан ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 21 ақпандағы №1 (2019 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5231 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      әкім С. Утигенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады