Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 5231 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уəлиханов ауданы Телжан ауылдық округі əкімінің 25.09.2019 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17-07/04 ұсынысы негізінде, Телжан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің Көбенсай ауылында ірі қара малына бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Телжан ауылдық
округінің әкімі
С. Утигенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады