Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы № 360-V "Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 291-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 мамырда № 4410 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 42-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 13.08.2021 № 42-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы № 360-V "Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3483 санымен тіркелген, 2016 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы реттік нөмірі 6-жолдағы:

      "1 адам" деген сөз "1 келіп кету" деген сөзбен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 7-жолдағы:

      "Ауруханалар" деген сөз "Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді, мемлекеттік тілдегі реттік нөмірі 8-жолдағы:

      "1 отырғызылатын орын" деген сөздер "1 отыратын орын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Амантурлин) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
XXXVI сессиясының төрағасы
Ж. Амантурлин
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров

О внесении изменений в решение районного маслихата от 28 марта 2016 года № 360-V "Об утверждении нормобразования инакопления коммунальных отходов по Индерскому району"

Решение Индерского районного маслихата Атырауской области от 16 мая 2019 года № 291-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 24 мая 2019 года № 4410. Утратило силу решением Индерского районного маслихата Атырауской области от 13 августа 2021 года № 42-VІI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Индерского районного маслихата Атырауской области от 13.08.2021 № 42-VІI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Индерский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 28 марта 2016 года № 360-V "Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Индерскому району" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3483, опубликовано 25 апреля 2016 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в строке, порядковый номер 6 приложения указанного решения:

      слово "1 человек" заменить словом "1 посещение";

      в строке, порядковый номер 7 приложения:

      слово "Больницы" заменить словами "Больницы, прочие лечебно-профилактические учреждения";

      текст на русском языке не меняется, в строке порядковый номер 8 тексте на государственном языке:

      слова "1 отырғызылатын орын" заменить словами "1 отыратын орын".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам соблюдения законности, депутатской этики, правоохранения и экологии (Ж. Амантурлин).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель очередной ХХХVI
сессии районного маслихата
Ж. Амантурлин
      Секретарь районного маслихата Б. Сапаров