Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 360-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 сәуірде № 3483 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 42-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 13.08.2021 № 42-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің атауына өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 24.08.2016 № 31-VІ шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10030 санымен тіркелді) сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 24.08.2016 № 31-VІ шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Амантурлин) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
І сессиясының төрағасы
С. Құлғалиев
      Аудандық мәслихат
хатшысы
Б. Сапаров

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы "28" наурыздағы № 360-V шешіміне қосымша

Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 24.08.2016 № 31-VІ; 16.05.2019 № 291-VI шешімдерімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілері

Есептік бірлік

Жылына 1 есептік бірлікке келетін м3 коммуналдық қалдықтарының жинақталу нормалары

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,0

2

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

3,0

3

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,5

4

Қонақ үйлер

1 орын

2,8

5

Балабақшалар

1 орын

1,5

6

Емханалар

1 келіп кеті

3,0

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

3,9

8

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

2,3

9

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

3,9

10

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

1,5

11

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,25

12

Автомобильді жуу орындары

1 машина-орын

4,04

13

Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

3,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады