Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 42-VIІ шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 қыркүйекте № 24188 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Индер аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Б. Сапаров

  Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 тамыздағы
№ 42-VII шешіміне қосымша

Индер аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі:

      1) Индер аудандық мәслихатының "Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 28 наурыздағы № 360-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3483 болып тіркелген);

      2) Индер аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы № 360-V "Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 24 тамыздағы № 31-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3612 болып тіркелген);

      3) Индер аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы № 360-V "Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 16 мамырдағы № 291-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4410 болып тіркелген);

      4) Индер аудандық мәслихатының "Индер ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 16-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3524 болып тіркелген);

      5) Индер аудандық мәслихатының "Индер ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 16 қазандағы № 145-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3979 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады