Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 13.08.2021 № 42-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы № 360-V "Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3483 санымен тіркелген, 2016 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы реттік нөмірі 6-жолдағы:
"1 адам" деген сөз "1 келіп кету" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолдағы:
"Ауруханалар" деген сөз "Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді, мемлекеттік тілдегі реттік нөмірі 8-жолдағы:
"1 отырғызылатын орын" деген сөздер "1 отыратын орын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Амантурлин) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті XXXVI сессиясының төрағасы |
Ж. Амантурлин |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Сапаров |