Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Еңбекші, Жаңа жол ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 136 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 38/411-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментіне 2019 жылғы 27 маусымда № 5107 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысын ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінің әкімшілік шекарасына Еңбекші ауылдық округінен 98,0 гектар, Жаңа жол ауылдық округінен 62,0 гектар, жалпы көлемі 160,0 га гектар жер бөліктерінің қосылуымен Еңбекші, Жаңа жол ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен қаулы мен шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Бекенов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Балабиев
      Қ.Қ.Айтмұхаметов
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Е.Аманбаев
      М.И.Мырзалиев
      М.Н.Отарбаев
      Е.Ә.Садыр
      А.Б.Тасыбаев
      А.А.Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады